Жеке кәсіпкер алкоголь өнімін заңсыз сатқан

-Қарашаның 5-і күні рейд барысында азық-түлік базарларының біріндегі бутикте жергілікті полиция қызметкерлері сату лицензиясы мен акциздік маркалары жоқ алкогольді өнімдерді сату дерегін анықтады, - дейді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шақарғалиев.

 

Жеке кәсіпкер алдын ала 5 литрлік құтыларға құйып дайындап қойып, саудаға жіберген. Тексеру шаралары барысында жалпы көлемі 35 литр өнім тәркіленді. Оны жеке кәсіпкерді жауапкершілікке тарту мақсатында қозғалған әкімшілік өндіріс материалдарына тіркеді.