Железин ауданында заңсыз аң аулаған браконьер қолға түсті



Полиция қызметкерлері
аудан тұрғынының көлігінде еліктің өлекселерін тапқан деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Железин ауданының Разделное ауылының маңында аудан тұрғынының ВАЗ көлігін тексеру барысында автокөлік салонынан аңшылық мылтықтар және екі еліктің өлексесі табылған.

 

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген жануарлардың өлекселеріне сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Қуаныш Мұстафинов.

 

Павлодар облысының аумағында 20 қазаннан 19 қарашаға дейін “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 95 бұзушылығын анықтап, тоқтатты. Олардың қатарында аңшылық және балық аулау ережелерін бұзу фактілері бар. Жалпы көлемі 900 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді.

Фото: Облыстық ПД