• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жол көлік апатында зардап шеккен павлодарлық оған сот арқылы төленген сомаға наразы

Жол көлік апатында зардап шеккен павлодарлық оған сот арқылы төленген сомаға наразы

 

 

 

 

Сергей Даньковский 2022 жылдың 18 шілдесінде жол-көлік оқиғасына тап болған. Жібек Жолы көшесімен скутермен үйге келе жатқан. Ер адамның сөзіне қарағанда жеңіл көлік оған жол беруі тиіс еді, алайда қағып кеткен. Жапа шеккенді оқиға орнынан ауруханаға жатқызып, ол шамамен 4 ай жұмыссыз отырған.

 

-Мен төрт ай бойы жұмыс істей алмадым. Скутерді қалпына келтірмедім. Көлік тауары сараптамасын жасауды талап еттім, алайда ол жасалмады. Тергеу заң бұзушылықтарға толы болғанынына сенімдімін. Тергеу бес жарым айға созылды,-дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сергейдің айтуынша, осы уақыт бойы ол жалақы бойынша шамамен 700 мың теңге жоғалтқан. Ал қазір істен шығып жай жатқан скутерді жөндеу керек. Жөндеуге шамамен 100 мың керек. Павлодар облыстық сотында екінші инстанцияда үкім шыққанын растады.

 

-Д деген жапа шегуші азаматтың қуынымы жартылай қанағаттандырылды. У деген азаматтан жапа шегушінің пайдасына 500 мың теңге өндірілді. Және 25 666 теңге материалдық шығын мен қорғаушының көмегін төлеуге кеткен 120 мың теңге жапа шегушінің пайдасына шешілді.-дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Жол көлік апаты туралы істің үкімі заңды күшіне енді. 45 жастағы жүргізушіге 60 сағат қоғамдық жұмыс тағайындаған, сонымен қатар оған бір жыл бойы көлік басқаруға болмайды. Ал жапа шегуші Сергей Даньковский тым болмаса сот арқылы өндіріліп алуы тиіс сома жақын уақытта қолына түседі деп үміттенеді.