• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жолаушы басын терезеден шығарған: Павлодарлық жүргізушіге айыппұл салынды

Жолаушы басын терезеден шығарған: Павлодарлық жүргізушіге айыппұл салынды

 

 

Жүріп келе жатқан көлік терезесінен адамның басын шығарып, айғайлаған бейнесі әлеуметтік желіде таралып, полиция тәртіп бұзушыларды тез арада жауапқа тартты дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Автокөлік Елгин көшесімен жүріп келе жатқан және Аймауытов көшесінің қиылысында ішіндегі жолаушы дөрекі қылығымен көзге түседі.

 

- Жолаушы терезеден басын шығарып тұрған. Басқа жүргізушілердің ескертулерін елемеді. Осылайша, көлік тізгініндегі азамат жол ережесін өрескел бұзды. Бұл авто жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған айыппұл салынды, - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.


Айта кету керек, жыл басынан бері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін 14 139 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: Freepik.com