Жолдар сапасыз: Павлодар облысында «ҚазАвтоЖол» филиалына айыппұл салынды
Кешенді зерттеу барысында мамандар жол төсемінің кемшіліктерін және қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын әшкереледі. Осы кемшіліктер үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жалпы ұзындығы 27 мың шақырымнан астам жолдарға 1350 тексеру жүргізіп, анықталған ақауларды жою туралы 1350 нұсқама шығарған.
- Жолдарды тиісінше күтіп-ұстамағаны, жол жұмыстарын жүргізу қағидаларын бұзғаны және берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 282 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұсқамаларды орындамағаны үшін 15 тұлға жазаланды. Бұдан басқа, анықталған заңбұзушылықтар бойынша 35 лауазымды тұлға, соның ішінде әкімдер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен жол пайдалану учаскелерінің бастықтары әкімшілік жауапқа тартылды, - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

