• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектескен павлодарлыққа қатысты үкім шықты

Жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектескен павлодарлыққа қатысты үкім шықты

Ол екі жыл шартты мерзімге кесілді. Ер адам өз қызметін әлеуметтік желі арқылы ұсынған. Еш мәселесіз құжатты істеп бергені үшін 50 мың теңге сұраған. Ақшаны алған соң сөзінде тұрмай жоғалып кеткен. Сатып алушы нәтижесінде полицияға арыз жазды.

Павлодардың 25 жастағы тұрғыны өз қызметін Instagram арқылы ұсынған. Ол түрлі посттар астына емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектесетіні туралы комментарий қалдырған. Әлеуметтік желі қолданушысының бірі оған елу мың теңге берген, ал жігіт болса кейін жоғалып кеткен.

- ҚК 190-бабы 2-бөлімі бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Кінәсін мойындағанын, өкінгенін, келтірілген шығынды толық қайтарғанын ескеріп, сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы АгидельИбраева.

Сот үкімінде көрсетілгені биыл жігітті Павлодарда ұрлық үшін бір жарым жылға соттаған. Алаяқтық дерегі бойынша ол жапа шегушіге 50 мың теңгені қайтарған. Оған бостандығын шектеумен қатар жүз сағат мәжбүрлі еңбекке жегу жазасын тағайындады.