• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жұмыскерінің қазасы үшін сотталған кәсіпкер рақымшылықпен босатылды

Жұмыскерінің қазасы үшін сотталған кәсіпкер рақымшылықпен босатылды

 

 

Павлодарлық кәсіпкерге жұмыскерінің қазасы үшін 3 жылға колонияда жазасын өтеу үкімін кескен. Алайда ол қамауда болмайды, ер адамның зейнеталды жасын ескеріп Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілініп, жазадан босатты. Пер Рыбаков Сарыарқадағы жаңа мектептің құрылысы барысында 6 метрлік биіктіктен құлап көз жұмған еді. Ал жұбайы бір жыл бойы істің сотта қаралуы үшін барын салды.

 

Любовь Ракова үшін 48 жасар жолдасының қазасынан кейінгі соттағы кездесу соңғы нүкте болып көрінген. Былтыр жазда күйеуінің жарақат алғаны туралы айтып хабарласқан. Петр сатымен жұмыс жасап, терезе жақтауларын орнатыпты. Еңбек инспекциясы бірден тексеріс ашып, жұмыс берушінің 100 пайыз кінәлі екенін анықтайды.

 

- Сынбаған жері жоқ, мойын омыртқасы, барлық қабырғалары, бас сүйегі, жамбасы, жағы сынған. Келесі күні мен оның заттарын алып кетуге барғанда маған телефон шалып, күйеуімнің қайтыс болғанын айтты,-дейді марқұмның жұбайы.

 

Жесір әйел бір жыл бойы істің сотқа жетуі үшін бармаған жері баспаған тауы жоқ. Ең соңында жұмыс берушімен сот отырстарында кездесуге қол жеткізді. Сот жуықта ғана оны 3 жыл коллонияда жазасын өтеу үкімін шығарып, артынан рақымшылыққа ілініп, жазадан құтылады. Любовь Ракова шешіммен келіспейді. Қайта қарауын сұрауы да мүмкін.

 

- Күйеуім ресми түрде жұмыс жасады. Бұған дейін бірнеше құрылыстарда еңбек етті. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтанатын. Сақтық танытып жүретін,-деп жеткізді Любовь Ракова .

 

Сот моральдық шығын өтеу өтінішін де қанағаттандырмады. Айтуларынша ол үшін нақты айыпкерге емес, кәсіпорынға азаматтық қуыным беруі керек.