• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Біреумен кездескеніңді естісем атамын деген». Павлодарда адам өліміне қатысты істі сотта қарау басталды

«Біреумен кездескеніңді естісем атамын деген». Павлодарда адам өліміне қатысты істі сотта қарау басталды

Бүгінгі сотта куәгерлерден жауап алынды. Олардың ішінде марқұмның қайғылы оқиғаға дейін бірнеше апта сөйлескен жігіті бар. Таныстық әлеуметтік желіден басталыпты. Павлодарлық бұрынғы жұбайының әрекетін біліп тыныш өмір сүруге маза бермеген екен.

 

- Ол көптеген қоқаң-лоқы жасады. Біреумен кездескеніңді естісем атамын деген. Тіпті бірнеше рет ұрған. Ол оның үстіне арыз да жазған, - дейді куәгер.

 

15 қаңтардың кешінде қыздың жаңа досы да сол көпқабатты үйдің ауласында болған. Қыздың өзі оның келуін өтінген, өйткені кездесуді бұрынғы жұбайы белгілепті. Тергеу нұсқасы бойынша ол баланы алып кетпек болыпты, кейін мылтық алып шыққан. Куәгер атылған мылтықтың даусын естімеген, тек айқай-шу шыққанда бұрынғы күйеуі оны ұрды деп ойлапты. Қаскөйді қуып жете алмаған ол жәбірленушіге жақындаған сәтте оқ тигенін білген. Бүгін сотта айыпталушының әкесінен жауап алынды. Ол ұлының өте сабырлы жігіт екенін айтты. Отбасындағы түсініспеушілікті байқамаған, біраз жыл бойы бірге тұрдық дейді. Айыпталушыға 15 жылдан 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.