• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында сирек құс тіркелді

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында сирек құс тіркелді

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өте сирек кездесетін құстардың бірі – сақалды жапалақ фототұзаққа түсіп қалған. Бұл – аталған құс түрінің Қазақстан аумағында фотодерек арқылы тіркелуінің үшінші жағдайы. Бұған дейінгі фототіркеу 2015 жылғы 10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жасалған.

-Бұл олжа табиғи аумақтың орнитологиялық биоалуантүрлілігін зерттеу үшін маңызды ғылыми дерек болып табылады. Келесі жылы сақалды жапалақтың тіршілік ерекшеліктерін, биологиясын және таралу аймағын зерттеу, сондай-ақ ұя салатын орындарын анықтау жоспарланып отыр,- деп атап өтті «Ертіс орманы» резерваты қызметкерлері.

Сақалды жапалақ – негізінен отырықшы тіршілік ететін сирек құс. Әдеби деректерге сәйкес, 1987 жылғы 27 тамызда ұясының маңынан осы құстың үш балапаны тіркелген.