«Кім екенін ұмытып қалған»: Павлодарда тұрғын соққыдан кейін өткенін есіне түсіре алмай жүр
Іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қаралды. Тергеу барысында бірге спирттік ішімдік ішкендердің бірі шизофрения дертіне шалдыққаны белгілі болды. Жанжал кезінде ол қарсыласының бетінен жұдырықпен ұрып, жерге құлаған соң басынан бірнеше мәрте тепкен. Қатты соққыдан есінен танып қалған жәбірленуші емделіп шыққаннан кейін өткен өмірін есіне түсіре алмай қиналған. Қазір естеліктері біртіндеп оралып жатыр.
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушының кінәсі дәлелденгенін атап өтті. Алайда ол қылмыс жасалған сәтте де, қазір де өз әрекетіне есеп бере алмайтын күйде болғандықтан, сот үкім емес, қаулы шығарды. Оған сәйкес, ер адам психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделетін болды.

