«Мен ана ретінде прокурорлардың қылығына наразымын»

Гүлсім Усинбаевның айтуынша оның ұлын жексенбі күні прокуратура ғимаратына шақырып алған. Дәл сол күні бірнеше рет шақырған көрінеді. Оны қызметкерлер балағаттаған дейді. Кешке ұлы тағы барғанда ғимараттағылар ішімдік ішіп отырыпты. Майор өзін атып жібергенде иығына тиген. Неге олай жасағанын әлі ешкім білмейді.

 

- Мен ана ретінде прокурорлардың қылығына наразымын. Менің ұлым сол жерде күшік сияқты қансырап, жаралы күйінде жатқанда прокурорлар үстелдің үстіндегі ішімдіктерді жинап алумен айналысқан. Оны ұлым өз көзімен көріпті, - дейді Рахим Унбаевтың анасы Гүлсім Усинбаева. 

 

 

Қазір Рахим Унбаев павлодар ауруханасына жеткізілген. Анасының айтуынша оны санавиациямен әкеліпті. Алда тағы бір операция күтіп тұр. Қазір әйел тергеу барысы үшін де алаңдаулы. Айтуынша іс тиісінше жүргізілмеуі мүмкін.

 

- Мен жансақтау бөлімінде болдым, онымен сөйлестім. Мен тіпті онда да айқайлауға мәжбүр болдым. Себебі ұлым наркоздан енді ғана шыққанда одан жауап алуға тырысты. Мен оларды қуып шықтым, - дейді әйел.

 

Айтуынша барлығы Железин ауданынан. Ұлының отбасысы, баласы бар. Полицияда жұмыс істегеніне 7 жыл. Ал департаменттегілер ресми түрде қызметкердің Железин прокуратурасы ғимаратының дәлізінде кешкі сағат алтыда өзіне табельдік қарудан оқ атқанын хабарлады.  Қазір «Өзіне өзі қол жұмсауға итермелеу» деген бап бойынша тергеу жүргізілуде. Ал қадағалаушы органда болған оқиға туралы айтуға бір апта өтсе де дайын емес болып шықты.