• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Мені пышақпен ұрған жауапқа тартылу керек»: Павлодарлық әйел қылмыстық істің әділ қаралуын талап етуде

«Мені пышақпен ұрған жауапқа тартылу керек»: Павлодарлық әйел қылмыстық істің әділ қаралуын талап етуде

Пышақ жарақатын алған павлодарлық қылмыстық істің мұқият қаралуын талап етіп отыр. Естеріңізге сала кетсек, маусым айында Усолка жағасындағы екі қыз арасындағы келіспеушілік полиция мен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінуге әкеліп соқты. Сол кезде тәртіп сақшылары бұзақылық фактін тіркеген болатын. Алайда жаздың соңында қылмыстық қимылдың жоғы анықталды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз баяндайды.

Екатеринаның сөзінше, Усолка жағалауындағы кикілжің маусымның 25-і орын алған. Ол сәбиімен, әпкесімен, жиенімен және анасымен демалуға келген. Жақын жерде ішімдік ішіп отырғанбір топ адам болған. Алкоголь таусылған кезде, қосымша ішімдікке кім баратыны туралы дауласа бастайды. Айқай-шуға Павлодар тұрғыны ескерту жасады, содан кейін қыздардың бірімен жанжал туындады. Ұрыс-керіс суық қару қолдануға әкеліп соққан.

-Мен 3-4 минутқа басқа жаққа бұрылдым, кейін мойын - иық аймағындағы соққыны сездім. Басында мен бұның пышақ екенін түсінбедім. Тек арқамдағы жылуды сездім, кейін аяғымнан өтті. Жан жақтағылар «қан ағып жатыр» деп айқайлай бастады. Соққыдан «сен мені пышақтадың» деп айқайлай бастадым,-деді Екатерина Евтушенко.

Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келді. Екатерина ауруханаға, ал «шу» көтергендердің бір бөлігі полиция бөлімшесінежеткізілді. Жәбірленушінің айтуынша, басыныда қылмыстық іс ашылған, бірақ тергеуші оның дәлелдері мен куәгерлердің сөздерін ескермеген. Нәтижесінде тамыздың 27-сі құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

-Мен объективті тергеуді талап етемін, біріншіден, дұрыстап жауап алсын, жеке ставкалар, барлық тергеу әрекеттерін жүргізсін, өйткені олар оның айғақтарын басым деп санайды, яғни, олар маған назар аудармайды. Мені мазақ еткендей, мен келгенде күледі, -деп шағымдануда Екатерина.

- Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде,-деп мәлім етті Павлодар обласыПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Жәбірленушінің айтуынша, іс қалалық прокуратураға жүгінгеннен кейін қайта ашылған. Мұндай бұзақылық үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар, Екатерина оны пышақпен ұрған әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деп санайды.