• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Отбасыңды сақта»: Павлодар облысында ауыл тұрғыны қастандық жасаймын деп қорқытып 116 миллион теңге талап еткен

«Отбасыңды сақта»: Павлодар облысында ауыл тұрғыны қастандық жасаймын деп қорқытып 116 миллион теңге талап еткен

2019 жылдың қарашасында ауыл тұрғыны Тереңкөлде жергілікті бизнесменге шабуыл жасаған. Екі көмекшісімен бірге олар ақша тартып алмақшы болыпты. Алайда құрбан қашып кеткен. Содан кейін ұйымдастырушы жалғыз өзі сол бизнесменнен үш жүз мың доллар бопсаламақ болады. Арам оймен коқаң-лоқы хабарламалар жібере бастайды.



«Егер біздің адамдардың бірін ұстайтын болса, оңдырмаймыз. Отбасыңды қорға. Балаларың қайда екенін білеміз. Омбы қаласында да біздің адамдар бар екенін ұмытпа», - деген мәтінді хабарламалар іс материалдарында тіркелген.



Бизнесмен осындай хабарламадан кейін бірнеше күннен соң полицияға өтінішпен жүгінген. Күдікті сабасына түспепті. Тергеу нұсқалары бойынша құрбанын қорқыту үшін сөзден іске көшкен.



«Күдікті өзінің қлымыстық әрекетін дәлелдеу үшін Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылында тұрып жатып, жапа шегушіден өзі талап еткен соманы алу мақсатында үйінің аумағына тез тұтанатын сұйықтық құйылған екі шыны ыдыс лақтырған», - деп көрсетілген іс материалдарында.



Одан кейін де хабарламалар легі толастамаған. Полицейлер нәтижесінде қоқаң-лоқы көрсетушіні қарақшылық шабуыл жасаған екі көмекшісімен бірге тұтқындады.


Үшеуі де сотта өз кіналарын мойындаған жоқ. Істестері тіпті олар полицейлердің қысым көрсетуінен кейін барлығын мойындағандықтарын атап өткен. Алайда ондай дерек дәлелденбеді.


Нәтижесінде сот қылмысты ұйымдастырушыны 9 жылға бас бостандығынан айырса, қарақшылық шабуылда ғана бірге болған екі серіктесін 5 жылға колонияға жіберді. Бұл шешімді қайта қарау кезінде де өзгеріссіз қалдырды.