«SIM-картаңыз ескірген»: Павлодарда жаңа алаяқтық белең алуда

Павлодар тұрғындары телефон алаяқтарының жаңа айласы жайлы айтып дабыл қағуда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Заманың түлкі болса, тазы боп шал дегендей қазіргі кезде алаяқтықтың жеке телефонға хабарлау түр-түрі белең алған. Қариялар ғана емес, көзі ашық адамдар алданып қалып жатқан соң, әрбір шалынған қоңырау кезінде қырығылық танытудан басқа амал жоқ. Соңғы кездері тұрғындарға белгісіздер байланыс операторлары ретінде хабарласула. Нөмірлерінің ескеріп кеткенін айтып, жекеге жіберілген СМС-кодты сұрайды. Айтқан бетте, азаматтың смартфонындағы ақшасы сыпырылады, болмаса, атына несие рәсімделеді.

 

-Алаяқтар хабарласып, шынымен, СМС-код сұрады. Мен ештеңе айтқан жоқпын. Алдағысы келгенін байқадым, мұқият болу керек,-деп ойын білдірді қала тұрғыны.

 

Өзіңізді осындай алаяқтықтардан сенімді қорғау үшін SIM-картаның статусы немесе кез келген басқа да маңызды мәселелер туралы ақпаратты нақтылау үшін ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне тікелей хабарласқан жөн. Ал егер де жақындарыңызды бұндай ақпаратты байқамай айтып қойса, тез арада жеке банк есепшоттарын жауып тастау қажет.