• Басты бет
  • Оқиғалар
  • «Жоғары сотқа шағымданамын»: Павлодарда жанжалдасқан екі әйел келісімге келер емес

«Жоғары сотқа шағымданамын»: Павлодарда жанжалдасқан екі әйел келісімге келер емес

Төбелеске қатысқан павлодарлық тұрғын сот шешіміне елордада шағымданбақшы. Анна Бутенко Назарбаев даңғылындағы үй ауласында болған оқиғаның өз нұсқасын айтуды шешкен. Естеріңізге сала кетейік бұрын желіде екі әйелдің жанжалы түсіп қалған бейне жарияланған еді. Кейін оларға 32 мың теңгеден айыппұл салғаны анықталды.

 

Анна Бутенконың айтуынша Назарбаев даңғылындағы үйдің кіре берісінде жанжал орын алған. Ол әйелден қай пәтерден екенін сұрапты. Соңғысы бірден атыла кеткен. Көлік тұрағында түсіп қалған мына кадрларда сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқаны анық көрінеді. Әйелдерді көршісі арашалап алыпты.

 

-Мен оларды әрең ажыраттым. Себебі олар бір-біріне қатты жабысып алды. Мен оны арашалағанда ол мені де итеріп жіберді, деп жеткізді Н.Назарбаев даңғылындағы №6/1-үйдің тұрғыны Екатерина Мартенс.

 

Анна Бутенко төбелесті мен бастаған жоқпын дейді. Айтуынша, қарсыласы өзі бірінші тап беріп, тұншықтыруға тырысқан. Сотта ол кінәсін мойындамады. Және өзін жапа шегуші деп санап, кінәлі емес екенін дәлелдеуге тырысқан. Нәтижесінде іске атүсті қарады дейді.

 

-Бұл жағдайда жауапсыздық танытты. Мені де кінәлі етіп, жазалады. Мен мұнымен келіспеймін. Бейнеде кімнің төбелесті бірінші бастағаны көрініп тұр. Менің қаулымда мені аяқпен қолмен соққылады деп көрсеткен,-дейді Н.Назарбаев даңғылындағы №6/1-үйдің тұрғыны Анна Бутенко.

 

Қазір Анна Бутенко жоғарғы сотқа шағым дайындауда. Елордада өзінікі дұрыс екенін дәлелдемекші. Естеріңізге сала кетейін, олардың екеуін де кінәлі деп танып әрқайсысына 32 мың теңнеден айыппұл салған.

 

-Павлодар облыстық сотының Б деген азаматшаға қатысты 2022 жылғы 7 шілдедегі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2022 жылғы 16 мусымдағы қаулысы өзгеріссіз қалды, шағым қанағаттандырылмады. Қаулылар заңды күшіне енді,- деп мәлім етті Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Павлодар облыстық сотында екінші әйел кінәсін мойындағанын, алайда аппеляцияға бермегенін хабарлады. Жанжалға қатысты оның пікірін біле алмадық, телефон қоңырауына жауап бермеді.

 

Фото: иллюстрация