Қала тұрғындары қоғамдық көліктің жүрісін кезекті рет сынға алуда

 

 

 

 

Қарлығаш Күршімқызының айтуынша, соңғы уақытта автобустардың жүру жиілігі нашарлап кеткен. Әйел наурыздың он бесі орталық әмбебап дүкенінен Лермонтов арқылы кітапхана аялдамасына дейін жеткісі келген. Алайда, павильонда ол 45 минут бойы 1-ші және 1-ші экспресс бағытын күткен.

 

-Мен аялдамаға 10:50-де келдім. Автобус тек 11:35-те бірақ келді. Шамамен 1 сағат бойы аялдамада тұруға мәжбүр болдым. Онда тұрған басқа адамдар одан да көп уақыт күттік деп шағымданды. Әрине, осындай үлкен интервалдың салдарынан оның ішінде тұрып баруға да орын болмады. Мен кондуктордан не болғанын сұрадым. Бұл сұрақты телефон арқылы қойыңыз деді,-деп жеткізді Павлодар қаласының тұрғыны Қарлығаш Жұмалиденова.

 

Қарлығаш ұсынылған нөмір бойынша қоңырау шалды. Бірақ нақты мәселе қайда пайда болғанын оған ешкім айта алмады. Әйел компанияның жұмысын сынға алып, қоғамдық көліктердің уақытылы жүрісін реттеуді сұрады.

 

-Аталмыш мәселе 3,5 жыл бұрын пайда болды. 1-ші және 1-ші экспресс бағытымен тақылеттес қазір №126-шы маршрут жүреді. Адамдардың басым бөлігін шағын класстағы автобус әкетіп отырған. Сол себепті жүргізушілер көптеп жұмыстан кетіп қалған. Қазір электронды билеттеудің енгізілуіне байланысты жағдай түзелді. Жүргізушілер бар және алдағы уақытта бұл мәселе толықтай шешімін табады,-деп мәлімдеді «Павлодарлық автокомбинат» ЖШС директоры Александр Панченко.

 

Тасымалдаушы компания мамыр айында автобус құрамын жаңарту жоспары бар екенін жеткізді. Сол себепті қоғамдық көліктердің жүрісі жақсарып, мамыр-маусым айларында интервал 12 минутқа дейін қысқарады.