Қалалық мәдениет сарайының заңгеріне үкім шығарылды

Естеріңізге сала кетейін, осы жазда Естай атындағы мәдениет сарайын жөндей бастады. Оған 140 миллион теңге жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша  мекеме заңгері бұдан пайда таппақ болыпты. Актіге еш кедергісіз қол қоям деп мердігерден 100 000 теңге талап еткен. Бизнесмен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне шағымданған.  Нәтижесінде ақшаны аударған соң күдіктіні қолға түсірді. Сотта оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды. Алайда еш жаза алмапты. Оған параноидты шизофрения деген психикалық ауытқушылығы туралы анықтама себеп болған. Мемлекеттік айыптаушы тыңдауларда бұл жолы оны жібере салуға себеп жоқ деді.

 

- Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес алкоголь немесе басқа психотропты заттарды пайдаланудан шығатын психикалық-мінез ауытқушылықтары жоқ. Қандай да бір емге мұқтаж емес. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда сот қаулысымен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, - деді прокурор Елена Белова.  

 

Сотталушы кінәсін толық мойындамады. Тыңдауларда мердігерден ақшаны заңгерлік қызметтерім үшін алдым деді. Бизнесмен оған 100 000 теңге беруі керек деді. Алайда кәсіпкер отырыста бұл деректі жоққа шығарды. Прокурор айыпталушыға 4 жыл сұрады. Алайда судья басқаша шешті.

 

- ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Әнуарбек Оспанов.

 

Ол жазасын абақты ауылда өтейді. Жақын үш жылда заңгерлік қызметпен айналыса алмайды. Ер адам үкімге дейін үй қамақта болған еді. Бүгін оны қамауға алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.