Қаламызда ағаштардың санитарлық тазалық шарасы жалғасуда

 

 

Павлодарда ағаш кесумен айналысып жатқан мамандар өтінішті қалай қалдыруға болатыны туралы айтты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Биыл ағаш бұтақтарын кесу және апатты көшеттерді кесу бойынша үш лот ойнатылды. Олардың біреуінде мердігер анықталды. Ол Назарбаев даңғылының оң жағында, яғни мекенжайлары жұп саннан басталатын аулаларға жауапты. Сонымен қатар, Набережная, Торговая көшелері мен Лесозауыт аудандарында санитарлық тазалық орындайды.

 

- Қалған екі лот бойынша бізде конкурстық шаралар жалғасуда. Қаламызды үш ауданға бөлдік. Жалпы санитарлық тазалық кезінде анықталған мердігер қурап қалған ағаштарды кеседі. Кейбір адамдар терезеге бұтақтар тиеді деп жатады. Мұндай жағдайда да оларды кесеміз,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Ернар Каиров.

 

Мамандардың айтуынша, санитарлық тазалық жұмыстары келіп түскен өтініштер бойынша жүргізіледі. Бір бригада бұтақтарды кесумен айналысса, екіншісі жерге түскендерді жинап әкетуі тиіс. Мердігерлік ұйым күніне жұмыстардың көлеміне байланысты 3-тен 6 аулаға дейін қамти алады. Өтініш қалдыру үшін 32-22-85 нөміріне хабарласуға болады.