Қамауда отырып қылмыс жасаған

Өткен жылдың қаңтар айында АП-162/3 түрмесінің үш сотталушысы басқасын соққыға шыққан. Айыптары - абақты қызметкерлеріне барлығын жеткізіп жүреді екен-мыс. Алайда ер адам мойындамапты. Сол үшін таяқтың астында қалған. Соққы ізін көрген түзету мекемесінің қызметкерлері тергеу тобын шақырған. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деген дерек бойынша қылмыстық іс ашқан. Нәтижесінде темір тордан шықпай жатып қайтадан сотталушы тағына отырды. Прокурор оларды 10 жылға қамауды сұрады.

 

- Сот айыптау үкімін шығарып, ең аз жаза тағайындау туралы шешімге келді. Жеңілдететін жағдайлар бар, кінәсін толық мойындады, шын ниетпен өкінді әрі жас. Сол себепті прокурор тым қатаң жаза сұрады деп санайды, - дейді Қуаныш Тулебаев Павлодар қаласы 2-сотының судьясы.

 

Сот үкімімен айыпталушыларды алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды, сонымен қатар әрқайсысына бұрынғы қылмыстары үшін жазаның өтелмеген бөлігі үшін жарты жылдан қосты. Сотталушылардың екеуі бұрын тонау үшін жауапқа тартылса, екіншісі 17 жасынан темір торда отыр. Айта кету керек, олар қауіпсіздігі орташа абақтыдан қатаң тәртіпті түрмеге ауыстырылды.