• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғындары санитарлық ағаш кесу жұмыстарына наразы

Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғындары санитарлық ағаш кесу жұмыстарына наразы

 - Өткен жылы біз ағаштарды санитарлық кесу бойынша өтініш жаздық. Алайда сол уақыттан бері еш өзгеріс жоқ. Бір апта бұрын ауламызға техника келіп, сау ағаштардың бұтақтарын кесті. Ал құлайын деп тұрғандарына тиіспеді. Ауладағы ағаштар қатты жел кезінде тербеліп, біздің әйнекті сындырды, - дейді Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғыны  Михаил Уткин.

Қала әкімдігінде ТҮКШ бөліміне келетін өтінімдер кезекпен орындалатынын алға тартты. Жақын уақытта аулаға мердігерлік ұйымның қызметкерлерін жібереді.

-Қамзин көшесі 80 мекенжайында орналасқан үй тұрғындарынан ағаштарды санитарлық кесу бойынша өтінім қабылданды. Жақын арада мердігерлік ұйым аталмыш мекенжайдағы ағаштардың жағдайын тексеріп, тұрғындарға қауіп төндірген ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді, - деп мәлімдеді  Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Биыл коммуналшылардың 2 мердігерлік ұйымы 9 мыңға жуық ағашты кесуді көздеп отыр. Бұған жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге бөлінді.