Қолын терезеге қысып алған әже құтқарушыларды шақырған

 

Құтқарушыларға хабарлама қазанның 2-сі кешкі алты жарымға қарай түскен. Зейнеткер сол қолының саусақтарын терезеге қысып алып, оны аша алмай отырғанын жеткізген, - деп хабарлайды irbistv.kz Павлодар облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Мамандар Ақсу қаласы, Астана көшесіндегі пәтерге келгенде қарт әйелдің қозғала алмай отырғанын көрген. Олар арнайы құралдардың көмегімен пластикалық терезені ашып, қарт әйелдің қолын сәтті босатты, - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Фото: Freepik.com