• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Қыздың ар-намысын таптағаны үшін павлодарлықты 5 жылға абақтыға қамады

Қыздың ар-намысын таптағаны үшін павлодарлықты 5 жылға абақтыға қамады

Зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі №2 Павлодар сотында қарады. Оқиғаның жай-жапсары жариялауға жатпайды, отырыстар жабық үлгіде өткен. Жігіттің айыбы жапа шегуші мен куәгерлердің жауабы және заттай айғақтардың көмегімен дәлелденген.

 

- Сотталушының жас екенін ескеріп, оған сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жапа шегушінің 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өндіріп алу жөніндегі азаматтық шағымы қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.