Қызғаныштан біреудің көлігін жағып жіберген
От салушыны ұстаған павлодарлықтар бейнені әлеуметтік желіге жариялаған. Ауладағы көліктің қасында тағы бір темір тұлпар тұрған. Абырой болғанда жалын тарамады. Ер адам мұны әйелін машина иесінен қызғанғандықтан жасапты.
Нәтижесінде 43 жасар ер адамды ұстап, өзгенің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс ашты. Сотта оны ұзақ қарамады. Ер адам кінәсін толық мойындады. Соңында процессуалдық келісімге келді.
- 202-баптың 2-бөлімі 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасы тайындалсын, - деді Павлодарқалалық №2-сотының судьясы Әнуарбек Оспанов.
Сонымен қатар ер адамға бостандығы шектелген мерзім бойы жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Бұған қоса бір ай ішінде азаматтық қуыным бойынша миллион теңгеден астам соманы қайтаруды міндеттеді.

