• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Үш бала мен ананың жан түршігерлік өлімі жайлы тың деректер белгілі болды

Үш бала мен ананың жан түршігерлік өлімі жайлы тың деректер белгілі болды

-Кірген кезде жағамды ұстадым. Барлығын пышақпен кескілеп тастаған. Балалар өз кереуеттерінде, ал әйел еденде жатты. Оқиға кешке орын алған секілді, себебі олар ұйықтағанда киетін киімде болды дейді.

 

Куәгердің сөзінше әйелдің денесінде соққы іздері болған. Басқа көршілердің айтуынша ұрыс- керісі жоқ тату отбасы болған көрінеді. Үнемі балалармен далада қыдырып жүретін дейді.

 

-Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, ортақ үш бала бар. Үйде барлығы өз орнында. Полицияны күйеуі өзі шақырды. Аталмыш дерек бойынша 99 баптың 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.

 

Әзірге бірнеше адамды өлтірді деген күдікті анықталмады деп хабарлады полицияда. Қазіргі таңда пәтер жабық. Кәмелетке толмаған балаларды өлтіру деген баппен қылмыстық іс қозғалған.