• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Үш павлодарлық бір қызды топ болып зорлағаны үшін 9 жылға абақтыға қамалды

Үш павлодарлық бір қызды топ болып зорлағаны үшін 9 жылға абақтыға қамалды

 

 

Сотталушылар тағында 28, 31 және 32 жастағы үш ер адам отырды. Тергеу нұсқасы бойынша 2022 жылдың мамырында олар өзара келісіммен қызды зорлаған. Павлодарлықтар бұған дейін әйелмен бірге ішімдік ішкен. Нәтижесінде күдіктілерді бірден ұстап, қылмыстық іс қозғап, нәтижесінде кінәлі деп тапты.

 

-ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын,-деді сот судьясы.

 

Сотта түсіндіргендей ер адамдардың кінәсі сараптамалар, куәгерлердің жауаптары және қыздың сөзімен, сонымен қатар қылмыстық істің материалдарымен дәлелденген. Үкім бойынша оларды процессуалдық шығындар үшін мемлекет пайдасына бір жарым миллион теңге төлеуге міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.