• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Ұзақ жасалатын сараптама қылмысқа қатысты тергеуді жылдам аяқтауға мүмкіндік бермейді  

Ұзақ жасалатын сараптама қылмысқа қатысты тергеуді жылдам аяқтауға мүмкіндік бермейді  

 

Мәселен, белгісіз сұйықтықты ішіп, уланып көз жұмған 7 ауыл тұрғынының дерегі бойынша іс әлі күнге дейін аяқталмаған. Павлодарское ауылындағы әйелдің үйіне өрт қою туралы материал да сотқа әлі жетпеген.

 

Павлодарское ауылының тұрғыны маусымның 22-нен 23-не қараған түні үйінен айрылып қалды. Сол кезде полицейлер қасақана өрт қою деген дерек бойынша қылмыстық іс ашқан еді. Ал жапа шегуші Ольга Пархоменко өзінің азаматтық некедегі күйеуін қызғанған жерлесім от қойды деген еді. Жарты жыл өтсе де іс әлі сотқа жетпеген. Сонымен қатар Ертістің 7 тұрғынының да өлімі әлі тергелуде. Естеріңізге сала кетейін, олар белгісіз сұйықтықтан уланып көз жұмды деп ресми хабарлаған еді. Алайда полиция мамыр айынан бастап олардың не ішкенін айтпады.

 

-Барлығы белгілі секілді. Бірақ түпкілікті тексерісті қажет ететін сараптамалар қатары бар, сол себепті уақыт керек. 201 бапқа сәйкес әзірге жауап беруден бас тартамын. Себебі іс әлі тергелуде,-деді Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Аймақ полицейлерінің өндірісіне жыл басынан бері шамамен 13 мың қылмыстық құқық бұзушылық түскен, олардың шамамен 8 мыңын бүгінде сотқа жіберген. Үш мыңдай қылмыстың ізін суытпай ашқан.