• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Әкімдік ғимаратында бомба бар деген Екібастұз азаматы 2 жылға колонияға жіберілді

Әкімдік ғимаратында бомба бар деген Екібастұз азаматы 2 жылға колонияға жіберілді

Естеріңізге сала кетейін, желтоқсан айының басында анонимді қоңырау "112" қызметіне түскен болатын. Сәйкесінше, барлық жедел қызметтер тік тұрды. Саперлер тексеру жүргізді, бірақ жарылғыш зат табылмады. Сол күні полицейлер қоңырау шалушыны анықтады. 37 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Бұрын ол бірнеше рет сотталған болып шықты, ал соңғы рет 2019 жылы дәл осындай "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама" бабы бойынша жазасын өтеген. Бұл жолы екібастұздық екі жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ сот оны ТЖД, ҰҚКД және ПД қызметтеріне жалпы сомасы 218 мың теңгеге материалдық залалды өтеуге міндеттеді.