• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Әлеуметтік желідегі танысына келген әйел Павлодар облысында адасып кеткен

Әлеуметтік желідегі танысына келген әйел Павлодар облысында адасып кеткен

 

 

Қостанай қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адаммен бірге тұруға келіп, артынша далада адасып кеткен, деп хабарлайды irbistv.kz.



Белгілі болғандай, екеуі ұрысып қалып, өкпелеген әйел үйден кетіп қалған. Ол өз қаласына қайтпақ болғанымен, бағытынан жаңылып, адасып кеткен. Көмекке Қостанайдан түскен хабарлама бойынша дереу іске кіріскен Май ауданының тәртіп сақшылары келді.



«Полицейлер аумақты мұқият барлап, біраз уақыттан соң әйелді аман-есен тапты. Қазіргі уақытта ол Қостанай қаласына жеткізіліп, анасының қолына табысталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД.