Өгей қызын зорлаған Успен тұрғынына үкім шықты

-Успен тұрғыны 2016 жылдың 26 тамызынан 2020 жылдың 20 наурызына дейін өзінің кәмелет жасқа толмаған өгей қызын зорлаған және оған қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Осылайша оны өз әрекеттерімен өзіне-өзі қол жұмсауға дейін итермелеген, - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы.

 

Ер адам тергеу кезінде кінәсін мойындағанымен, кейін өз сөзінен бас тартқан. Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот үкімімен оған 23 жыл тағайындады. Сонымен қатар судья сарапшылардан ер адамға химиялық кастрация жасау қажеттілігі бар ма деген сұраққа жауап ала алмаған.  Ал үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.