• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Өндірістік жарақат салдарынан башпайынан айырылған павлодарлық 4 миллион теңге өндіріп алды

Өндірістік жарақат салдарынан башпайынан айырылған павлодарлық 4 миллион теңге өндіріп алды

Жазатайым оқиға жұмысшы еңбек міндеттерін орындаған кезінде орын алған. Ол оң аяғынан ауыр жарақат алған. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, дәрігерлерге бірінші башпайын ампутациялауға тура келген. Зардап шеккен азамат сотқа жүгініп, кәсіпорыннан моральдық зиянды өтеу үшін 10 миллион теңге талап етті.

– Комиссия жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің 100 пайыз кінәлі екенін анықтады. Бірінші сатыдағы сот «Б» ЖШС-нен моральдық зиян үшін 4 миллион теңге және өкілдің қызметіне жұмсалған шығын ретінде 500 мың теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды, – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Шешіммен екі тарап та келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Алайда сот алқасы істі қайта қарауға негіз таппады. Өтемақы мөлшері негізді әрі әділ деп танылды. Нәтижесінде сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, екі тараптың да апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.