• Басты бет
  • Спорт
  • «Ақсу» масқара болды: Павлодар үлкен футболмен қош айтысқан сыңайлы

«Ақсу» масқара болды: Павлодар үлкен футболмен қош айтысқан сыңайлы

«Ақсу» командасы Қазақстанның Премьер-Лигасынан мерзімнен бұрын ұшып барады. Ұжым сырт алаңда, негізгі қарсыласы «Мақтааралға» 2:0 есебімен жеңілген еді.

 

"Ақсу" Шымкент қаласында өтетін матч басталмай жатып жеңілген сияқты. Қайткенімен, күресуге деген құлшыныс, жігерлері байқалмады. Бас бапкері ретінде команданы ойынға Денис Мамонов алып шыққан, Масудовтың қайда кеткенін жұрттың барлығы білгенімен, клуб бұны әлі күнге дейін қатаң құпияда ұстап жүр. Алғашқы минуттардан алаң қожайындары допқа иелікті өз қолдарына алды. 13-минутта Сағадат Тұрсынбай бұрыштамадан келген допты ақсулықтар қақпасына дәл бағыттып есепті ашады. Жерлестеріміз бұған еш жауап қайтара алмады. Кездесу соңында Серж Ньюадзи нәтижені еселей түсіреді. Айту керек, қарсылас қақпасын аман сақтап қалған павлодарлық футбол түлегі Никита Калмыков еді. Қорытынды 2:0. Жақында ғана оңтүстік клубты қолға алып, ойын өрнегін түзеткен Қайрат Нұрдаулетов біздің жанкүйерлерге жақсы таныс. Осымен екінші рет лиганың үздік жаттықтырушысы атағына қол жеткізді.

 

- Қиын ойын болды. Психологиялық жағынан. Жігіттер бұндай қысымға толы матчтарды көп ойнап көрмеген. Гол салғаннан кейін, кездесу тоқтап қалған сияқты болды. Жігіттер қобалжи бастады. Осы ойын өрнегін дамтыамыз. Ең бастысы нәтиже болды,-деп жеткізді «Мақтаарал» ФК бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов.

 

Чемпионаттағы орын үшін таластағы негізгі қарсыласы «Мақтараалдан» жеңілген «Ақсу» енді ресми Премьер-Лигадада қалады деген мүмкіндік жоқтың қасы. Алда 3 ақ матч қалды, «Қайсар», «Қайрат» және «Тобылға» қарсы табанды бәсеке болады деген сенім жоқ.