«Ертіс» футболшылары Алматыда ірі есеппен жеңіске жетті
Алматыда Бірінші лиганың 15-ші туры аясында жергілікті «Қайрат Жас» командасы «Ертіс» клубымен кездесті. Тартысты бәсекеде павлодарлық команда алаң иелерін ойсырата жеңді. Қарсылас қақпасына соғылған үш жауапсыз гол, бізге жерлестерімізге маңызды ұпайларды сыйлады.
14-ші минутта Тамерлан Агиманов Еркебұлан Тұңғышбаевқа өткір пас жасап, шабуылды тоқтатуға асық болған алматылықтардың қорғанысы қателікке бой алдырып, автогол соғылады. Кейін 20-шы минутта Агиманов өзіне тән сұрмергендікпен нәтижені еселейді. Екінші таймда ойынға қосылған Матвей Герасимов қақпашымен жекпе-жекке шығып, дәлме-дәл соққысымен көзге түсіп, матчқа нүкте қояды. Қорытынды есеп 0:3.
Павлодарлық клуб 15-ші турдан соң бірінші лигада 33 ұпаймен 2-ші орында келеді. Ақтаулық «Каспий» 38 ұпаймен көш басында келеді.
Келесі матчты «Ертіс» 1 тамыз күні Павлодарда өткізіп, қарағандылық «Шахтер» клубымен шеберлік байқасады.
Фото: «Ертіс» ФК
