Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

«Ертіс» волейбол командасы 6-шы орында

Спорт

6
Павлодар қаласы волейболдан үшінші тур матчтарын қабылдауға дайын.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, ойындар жанкүйерлерсіз өтеді. Мұндай қатаң тәртіпке қарамастан, жерлестеріміз үйде қарсыластарға қарсы шығуымыз оңай болады деуде.

 

- Менің ойымша жанкүйерлердің келгені жақсы болушы еді. Олардың қолдауын сағынып қалдық. Сырт паркеттерде де адамдарды кіргізбейді, - деді «Ертіс» ВК ойыншысы Елизавета Кохан.

 

Үйдегі кезеңнің алғашқы матчы Жетісуға қарсы өтпек. Айта кетсек, қаңтар айында арулар лигасында біршама көп ойындар жоспарланған. Вице-чемпиондарға қарсыластарды қуып жету керек. Коронавирусқа байланысты екінші турда Талдықорған волейболшыларына төрешілер 7 матчтық техникалық жеңіліс есептеген.

 

- «Жетісудің» матчтары қайта ойналмайды деген ресми ақпарат жіберілді. Оған командалардың барлық бапкерлері дауыс берді. Турлардың арасында барлығы қайтадан өзгерді. «Жетісу» қосымша ойындар өткізеді, - деді Вячеслав Ходус «Ертіс» ВК бас жаттықтырушысы.

 

Үйдегі турда «Жетісу» мен «Ертіс» екі рет кездеседі. Алғашқы матч қаңтардың 14-і және 18-іне жоспарланған. Үшінші турдың ойындары ресми түрде сенбі басталады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()