• Басты бет
  • Спорт
  • «Ертістің» бұрынғы ойыншысы клуб президенті болып тағайындалды

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы клуб президенті болып тағайындалды

 

Лауазымды қызметті танымал экс-футболшы Мұрат Тілешев атқарады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мұрат Тілешев павлодарлық жанкүйерге жақсы таныс. Кезінде ол «Ертіс» сапында чемпион атанып, жалпы 143 матч өткізіп, 56 гол соққан еді. Қазақстандағы үздік сұрмергендердің бірі болып табылады. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеп, кейін «Шахтер», «Астана», «Тұран» және «Оқжетпес» клубтарында басшылық қызметтер атқарды. Енді Мұрат Тілешев «Ертіс» ФК президенті болып қызмет атқарады.

 

-Клуб оның жинақтаған тәжірибесі «Ертістің» дамуына және команда әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосады деп сенеді,-делінген «Ертіс» ФК ресми хабарламасында.

 

Айту керек, біздің «Ертіс» 9 мамыр жеңіс күні Қостанайда «Тобыл» командасымен ойнайды.

Фото: «Астана» ФК