• Басты бет
  • Спорт
  • Қаламызда футзалдан Цыцугинді еске алу турнирі аяқталды

Қаламызда футзалдан Цыцугинді еске алу турнирі аяқталды

Цыцугин құрметіне өтетін дәстүрлі жарысты облыстың футболшылары асыға күтеді. Жарыс әуесқойлар арасында болғанымен, қатысушылардың легі негізінен әкс-кәсіби аяқдопшылардан жиналған. Премьер-лига, бірінші дивизиондағы жүрген үздіктер, қарапайып жігіттермен шеберлік байқасады. Себебі зал ішіндегі футболды мүлдем басқа. Биыл дүбірлі додаға 8 құрама тіркеліп, талас жүргізді. Оның ішінде жалғыз команда Екібастұздан еді. «Достық» өткен жылғы чемпиондар. Атақтарын сақтап қалу үшін 7 павлодарлық құрамамен күресу оңайға соқпады дейді. Финалда кеншілер құрамасы жергілікті «Арланмен» кедесіп, интрига соңына дейін сақталып, мықты бәсеке өрбіді. Арпалысып жүріп алынған жеңіс, жігіттерді ерекше қуанышқа бөледі.

 

-Осы турнирді өткізген ұйымдастырушыларға рахмет. Біз 13-рет кубокты алып кеттік. 7 команда Павлодардан болды. Бізге қиын болды финалда,-деді «Достық» (Екібастұз) командасы капитаны Аслан Сүлейменов.

 

Осы уақытқа дейін далада доп қуған өңірдің үздік аяқдопшылары күзде «Юность» манежінде футзал ойнау үшін бас қосады. Өкінішке орай, Павлодарда спорттың бұл түріне арналған басқа сапалы алаң жоқ

 

- Командалар бар, ұжымдар жақсы ойнап жатыр. Ойын залының сапасы, алаң бізде болмай тұр. Кәсіпкерлер келіп, өз жобаларын көрсетіп жатыр. Қандай жақсы нысан салып, республикалық деңгейге шығуды қажет етеді. Сондай бір мәселелер бізде толып тұр бізде

 

Кубок екібастұздық «Достыққа» салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар жеке номинация иегерлері де анықталды. Ернар Қабдрашит- қақпашы, Аслан Сүлейменов- жартылай қорғаушы, Ярослав Саденко – шбауылшы, Иван Фромич- қорғаушы, Константин Заречный-сұрмерген атақтары бойынша үздік болып танылды. Сонымен қатар, Ільяс Әбіл ең үздік жас дарын болып сыйлыққа иеленді.