• Басты бет
  • Спорт
  •   20 жасар Павлодарлық Ерболат Сабыр Қазақстан чемпионы атанды

  20 жасар Павлодарлық Ерболат Сабыр Қазақстан чемпионы атанды

 

 

Біздің жерлесіміз Ерболат Сабыр тартысты финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті. Бапкер ретінде нәтижелі маман Павел Дыбцев көмектесті. Ерболат 57 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Ақмола облысының спортшысын 5:0 есебімен ұтты.

 

-Соңғы рет бокстан Қазақстан чемпионаты Павлодар қаласында 2016 жылы өткен. Сол кезде мен ерікті ретінде көмек көрсетіп жүрген едім. Қазір өзім қатысып, Қазақстан чемпионы атандым. Өте қуаныштымын, бұл үлкен мәртебе,-деп жеткізді павлодарлық спортшы.

 

Сонымен қатар тағы бір павлодарлық боксшымыз Шаймұрат Құсайынов 86 келі салмақта чемпион атанып, алтын медальге ие болды. Ал Аятолла Тәкіжанов ақтық кезеңге жетіп, күмісті місе тұтты. Павлодар облысы құрамасы сапында тағы екі қолғап шебері біздің қалада өткен ел біріншілігінде қола жүлделергеге қол жеткізді. Байгоншеков Бауыржан 86 келіде және ауыр салмақта Олжас Букаев көзге түсті.