Ақсу қаласында «Стальные кеды» балалар спорт фестивалі өтті
Ауқымды спорт жарысын «Қазхром» ТҰҚ АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты 19 жыл қатарынан өткізіп келеді. Қазақстанның түрлі қалаларынан келген жас өрендер әдеттегідей бірнеше спорт түрінен бақ сынады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Қатысушылардың мұндай санын қамту үшін зауыт өзінің және қаланың спорт нысандарын іске қосқан. Спортшылар Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Өскемен, Астана, Степногорск қалаларынан келген. Олар футбол, баскетбол және волейбол мен армрестлингте бақ сынады.
Турнир иелері Ақсу ферроқорытпа зауыты базасында құрылған «Металлург» спорт клубы тамаша ойын өрнегін көрсету үшін барынша дайындалған.
- Бұл менің 9-шы жарысым. Өзімнің клубыма барып жүргенімен 4 жыл. Қарсыластарыммен жақын танысып үлгердім. Қарсыластарымды үнем жоғары бағалаймын, себебі ешкімді әлсіз деп тануға болмайды, әрбір қарсылас жеңіске лайықты деп білемін,-деді «Металлург» СК тәрбиеленушісі Захар Зонов.
- Бұл жарыс туралы білген сәттен бастап дайындалудамыз. Біз 8 адам келдік. Жол да ұзақ болды, дегенменде мұнда келгесін шаршағанымызды ұмыттық. Бізді жақсы ақрсы алды. Қарсыластар осал емес, дегенмен де біз өзімізге сенеміз,-деді «Восток» клубының тәрбиеленушісі (Астана қаласы) Әсет Қожағалиев.
Қазақстанның түрлі өңірінен келген ойыншылар спорттың барлық түрінен мықты дайындықпен келгенін көрсетті. Тартысты бәсеке нәтижесінде Ақсу ферроқорытпа зауытының Металлург СК тәрбиеленушілері жоғары деңгей көрсетті. Олар баскетболдан, футболдан және армрестлигтен бірінші орынды иеленді. Себебі кәсіпорын спорт кешендерінің қызметін ғана емес, жаттықтырушылардың жұмысы мен балалардың түрлі деңгейдегі жарыстарға сапарларын қаржыландырып келеді.
- Жыл сайын біздің клубтың балалары белсенді қатысады. Биыл екі команда бізден бақ сынайды. 2012 жылғы және 2015 пен 2015 жылғы өрендер. АФЗ өткізетін бұл шараға бүкіл Қазақстаннан, тіпті Ресейден командалар келеді. Зауыт атынан үнемі жарыстарға қатысамыз. Олардың балалар спортын қолдайтыны қатты қуантады,-деді «Металлург» СК жаттықтырушысы Айбек Тоқсанбаев.
Айта кету, керек компания басшылығы балалар спортын қолдау мен дамытуға үнемі елеулі үлес қосып келеді. Ақсу ферроқорытпа зауыты базасында ұйымдастырылған «Металлург» спорт клубында Ақсу қаласының жүздеген өрені өзінің спорттық дағдыларын арттыруда.\
- АФЗ кәсіподақ ұйымымен бірге балалар спорт фестивалін 19 жыл қатарынан өткізіп келеді. Ол елдің түрлі аймағынан 300-ден астам баланы басын біріктіруде. Бұл балалар үшін ғана емес, оларды қолдауға келетін ата-аналары үшін де жарқын шара болып табылады. АФЗ түрлі әлеуметтік жобалар арқылы балалар спортын үнемі қолдап келеді. Бұл көмек ғана емес, болашаққа қосқан үлкен үлес,-деді «Қазхром» ТҰҚ АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының бас маманы Болат Шотов.
«Стальные кеды» фестивалінің барлық жеңімпаздары мен қатысушылары, сонымен қатар үздік ойыншылар кубоктар, медаль мен грамоталарға ие болды. Айта кету керек ERG-демұндай шаралар спорттық шеберлікті жақсартып және жетілдіріп қана қоймай, аймақтар арасындағы достықты нығайтатынына сенімді.