• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлері қысқы денсаулық фестиваліне қатысты

Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлері қысқы денсаулық фестиваліне қатысты

 

Биыл Ақсу ферроқорытпа зауыты ұжымы ұйымдастырған денсаулық фестиваліне 400-ден астам өтінім жіберілген. Таза ауа аясында өткен шарада балалар коньки теуіп, шаңғының қызығына бөленді. Ал зауыт қызметкерлері әртүрлі квест ойындарына қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтарын сынады.

 

- Биылғы фестивальге 300-ден астам бала қатысты. Осыған сәйкес, бағдарлама толықтай жаңартылып, кішкентай қонақтардың қызығушылығына бағытталды. Әлбетте, Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары да назардан тыс қалмады. Нәтижесінде, ERG ата-аналар мен балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоциялар сыйлады,-деді Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлер мен мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.

 

Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі хаски иттері жеккен шанамен сырғанау болды. Бұл көрініс балаларға да, ересектерге де көтеріңкі көңіл күйін сыйлады. Жиналған қауым көңілді стартта да бақ сынасып жылдамдықтарын паш етті. Ал өзгелері алаңның ортасына шығып шаттана би биледі.

Спорттық сайыста үздік шыққан топтарға бағалы сыйлықтар жекелей және командаларға табыс етілді Бұдан бөлек ең кішкентай келушілер құстарға арналған азық салғыш жасап, шеберлік сағатына қатысты. Айта кетейін, ERG ұйымдастырған денсаулық фестивалі алдағы уақытта да жалғаспақ.