• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты балалар спорт фестивалін ұйымдастырды

Ақсу ферроқорытпа зауыты балалар спорт фестивалін ұйымдастырды

 

 

Металлургтер шаһарына 7 аймақтан 300-ге жуық жас атлеттері жиналды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Мұнда өз елінің нағыз патрионттары, қала және команданың намысын қорғауға келгендер жиналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен бас қосқан жас спортшылар дәстүрлі жарысқа қатысты. Бұл ретте барлығын Ақсу ферроқорытпа зауыты біріктірді. Кәсіпорын соңғы 11 жыл бойы аталмыш жарыстың бас демеушісі және ұйымдастырушысы болып келеді.

 

- Балалар фестивалі Ақсу қаласында соңғы 11 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Қатысам деушілердің саны үнемі көп. Мұнда жас спортшылар волейбол, баскетбол, шағын футбол, гір көтеру және армрестлинг бойынша сайысады,-дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің менеджері Роман Скрыпнюк.

 

Балалар аталмыш жарысты тағатсыздана күткен. Бір жыл бойы дайындалып, қазір олардың деңгейі жартылай кәсіби спортшыларға дейін жеткен. Көбісі спорттағы алғашқы қадамдарын осында басқан. Ақсу қаласында ол үшін барлық инфрақұрылым және стадиондары сақадай сай.

 

-Мұндай фестивальдің бар болуы керемет. Біз басқа командалармен ойнап, өзімізді сынай аламыз,- дейді жарысқа қатысушы Дамира Китибаева.

 

Қатысушылар бір ауыздан жарыстың ұйымдастыру деңгейіне жоғары бағаларын берді. Бос уақытта балалар бір-бірімен әңгімелесіп, жаңа достарын табады. Шағын футбол сайысында тартысты матчтар өтті. Ұйымдастырушылар ауа райын ескере отырып, балаларды жылы және ыңғайлы манежге жайғастырды.

 

-«Казхром» кәсіпорнына үлкен алғысымды білдіргіміз келеді. Мұндай жарыстар балалар үшін өте маңызды. Осындай додалардың арқасында жастарымыз дене шынықтырумен айналысып, еліміздің спортын дамытады ,- команда жаттықтырушысы Рахим Жумкенов.

 

Алтын медальдердің басым бөлігіне Павлодар облысының командалары ие болды. Жарыс қожайындары «Металлург» спорт клубы өздерін кезекті рет жақсы қырынан көрсетуде. Ұжым Ақсу ферроқорытпа зауытының базасы аясында құрылды. Олар ортақ командалық бірінші орынға жайғасты. Металлургтер арулар волейболы және баскетболы бойынша да топ жарған. Паркетте тартысты матчтар өтті.

 

-Жарыс өте керемет деңгейде өтту. Жыл сайын басқа командаларға қарсы лайықты өнер көрсетудеміз,-деді жарысқа қатысушы Еркін Ермұхан.

 

Баскетболдан 2011-ші жылғы ұлдар арасындағы тартысты матчтардың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының №2 спорт мектебі жеңіске жетті. Шағын футболдан 2017-ші жылға дейінгілер тобында Ақсу қаласының спорт мектебі чемпиондық атақты тойлады.