• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты ERG қысқы денсаулық фестивалін өткізді

Ақсу ферроқорытпа зауыты ERG қысқы денсаулық фестивалін өткізді

 

 

Биыл Қазхром" ТҰК" АҚ 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Дәстүрлі ауқымды акцияның маңызды күнінде ең белсенді қызметкерлер жиналды. Айту керек, фестивальге әдеттегідей тек қызметкерлер ғана емес, олардың отбасылары да қатысты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ақсу ферроқорытпа зауытының ұжымы қысқы демалыстарын көңілді өткізді. Балалар үшін көптеген ойын-сауық алаңдары жұмыс істеді. Аниматорлар мерекелік көңіл күйін сыйлады. Денсаулық фестивалінің барлық қатысушылары шаңғы, коньки тепті. Сырғанау үшін арнайы алаңдар жабдықталды. Дәстүрлі мерекені персонал және мәдениет жөніндегі директор - Наталья Габибова және кәсіподақ комитетінің төрағасы Айып Абраев бастады.

 

- Көңілді, ең бастысы қауіпсіз демалыс болсын. Бүгін мұнда кіммен келгеніңізді қарап, дәл осы балалар, жақындарыңыз үшін сіз күн сайын қауіпсіздік ережелерін ұмытпай жұмыс істеуіңіз керек. Мен бүгінгі күн көңілді, қызықты болғанын қалаймын және міндетті түрде тәттілерден ауыз тиіңіздер,-деді "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалының АФЗ персонал және мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.

 

Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік қана емес, спорттық рекордтарды да жаңаруда. Жиналғандар тұтастай алғанда мұндай фестивальдер үлкен ұжымның жұмысына пайдалы әсер ететініне сенімді, сондықтан компания мен кәсіпорын басшылығы қызметкерлердің денсаулығына пайдалы ойын-сауыққа көп көңіл бөледі.

 

- Жыл сайын өткізіледі, біз ауысым бойынша жұмыс істейміз. Біз мұнда екінші жыл қатарынан бригадамен келдік, бізде бәрі ұйымшыл, бірге ойнаған ұнайды. Ұйымдастырушыларға осындай іс-шара үшін алғыс білдіремін. 00.27. + 00.47. Бақытымызға орай, бізде барлық төрт маусым бар, біздің аймақта қыста осындай іс-шараларды өткізу қолайлы. Маған барлығы ұнады,- деді "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалының АФЗ кран машинисі Айнұр Құсанова.

 

Арқан тарту, хоккей, мас-рестлинг, шанамен сырғанау және тағы да басқа эстафеталарда зауыт жұмыскерлері көңілді уақыт өткізді. Сонымен қатар, ыстық шай барлығына қол жетімді болды.Ақсу ферроқорытпа зауытының бес жүзден астам қызметкері және олардың жақындары қысқы фестивальге қатысты. Кішкентайдан үлкенге дейін барлығы өздеріне ұнайтын істе уақытты керемет өткізді.

 

ERG қысқы Денсаулық фестивалінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға, жүлдегерлерге және жас қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ақсу ферроқорытпа зауытындағы спорттық дәстүр алдағы уақытта да жалғасын таппақ.