Ақсу ферроқорытпа зауытында «Ал, қанекей, қыздар!» атты эстафеталық жарыс өтті
ERG құрамындағы Қазхром трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалы — Ақсу ферроқорытпа зауытында дәстүрге айналған «Ал, қанекей, қыздар!» атты эстафеталық жарыс өткізіліп, өндірісте еңбек ететін нәзік жандылар өзара бақ сынады. Қызықты әрі тартысты өткен жарысты әріптестері қызу қолдап, ерекше атмосфера қалыптастырды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Ақсу ферроқорытпа зауытында өтетін «Ал, қанекей, қыздар!» атты эстафеталық жарыс кәсіпорынның көпжылдық дәстүріне айналған. Халықаралық әйелдер күнін бұл шарасыз елестету мүмкін емес дейді бастамаға қолдау көрсететін өндіріс басшылығы.
- Биыл сайысқа рекордты командалар саны қатысып жатыр. 15 құрама тіркелді. Бұндай бұрын соңды болған емес. Эстафета сайыстары өте қызықты ойластырылған. Өндіріс арулары өздерінің ептілігін, физикалық дайындығын көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бәрі бұл жарысты күтеді. Тіпті, кейбір қыздар ауысымнан кейін жаттығады екен,-деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет бойынша директоры Наталья Габибова.
Сүйікті өндіріс ошағында қызмет ету және бұндай жарысқа қатысудың өзі жеңіс дейді қыздар. Дегенмен, тартысты бәсекеде «Сочное вторжение» атты зауыт басқармасының құрамасы ең жоғары нәтиже көрсетті.
- Командамен қызу дайындалдық деп айта алмаймын. Жарысқа келіп, сүрінбей өттік. Әрине, бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Өзге командаларға да жанкүйер болдық. Кейбір эстафета жеңіл еді, қиындары да кездесті. Жалпы оңай болған жоқ. Бірақ, жұмыстан тыс уақытта көңіл көтергенімізге өте қуаныштымыз,-дейді команда өкілдері.
Ал күміс жүлделер «Контроль без границ» атты техникалық бақылау цехы құрамасына бұйырса, үшінші орынды «Паравозики» атты теміржол цехықұрамасы иеленді. Бұл жарыста нәтижеден гөрі, достық атмосферасының орны бөлек еді. Ақсу ферроқорытпа зауыты бір үлкен команда екендігін тағы бір дәлелдеді.
