Ақсуда «ERG Run Fest» дәстүрлі спорт мерекесі өтті

 

«Денсаулыққа ден қойып жүгіріңіз!». Осындай ұранды байрақ етіп ұстанған үлкенді-жас желаяқтар мен ақсулықтарға «ERG Run Fest» ұмытылмас эмоцияларды ұсынды. Бір қуантарлығы, жүгірістен бағын сынап көрмек болған мыңнан астам қатысушылардың жартысына жуығы 8-15 жас аралығындағы балалар. ERG кәсіпорындарының барша қызметкерлері бұл думаннан тыс қалмады.

 

- Тіркеліп, сәкес нөміріңді аласың да жүгіруге дайындаласың. Барлығы оп-оңай. Мен өзім де марафонға қатысып, 3 шақырымдық қашықтықты таңдадым. Тізе жарақатым болса да, ақсулықтарды, «ЕЭК» АҚ мен барша Еуразиялық Топ кәсіпорындарындағы әріптестерімді қолдағым келді,-дейді «ЕЭК» АҚ қызметкерлер және мәдениет бойынша директоры Нұрлан ТАСИМОВ.

 

ERG Run Fest-ке қатысу үшін Ертіс-Баян өңірінің барлық қала, аудандарынан, Қарағанды, Семей, Алматы және Астана қалаларынан жүгіріске жаны құмар әуесқойлар арнайы келген. Жарысқа тіркеліп, олар арнайы жарна төлемін жасап, барлық жиналған сомма қайырымдылық іске жаратылды. Жергілікті студенттерге 20 пульсометр мен «айпад» планшеті ұстаздарға сахна төрінде ресми табысталды. Әлеуметтік жауапты компания ретінде ERG – кәсіпорындары саламатты өмір салты мен спортты насихаттайды.

 

-Әрбір қатысушы марафонға қатысуға тіркеліп, қайырымды, игі іске өз үлесін қосты. Біз осы бағалы сыйлықтарды, бұны қажет еткен жандарға табыстауды жөн көреміз. Біздің ерекше балаларымыз, жастарымызға бұл пульсометрлер мен «айпад» көмегін тигізіп, олар спорт шыңдарын бағындыруға көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Студенттерге алғыс білдіре отыра, жалынды сәлемімізді жолдаймыз,-деп жеткізді ERG-дің бас директоры қызметкерлер және мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал НАЙЗАБЕКОВА.

 

Жүгіріс фестивалі дене қыздырудан басталды. Жарыс жолына алдымен 21 км қашықтыққа аттанған марафоншылар шықты. Одан соң кезең-кезеңімен 10, 5, 3 км мен балалар жарысы қызды. Әрбір стартта қатысушылардың жігер-құлшынысы айқын көрінді. Ақсудағы спорт думаны арқасында қала орталығы әуен-сазға, жалынды ұран сөзге, ширату ойын-сауығына толы мереке алаңына айналды. Балалар үшін аниматорлар шақырылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Кешке таман топ жарған ерлер және әйелдер арасындағы үздік үштіктерді салтанатты марапаттау өткізілді. Ең мықты дегендерге медаль мен ақшалай сертификаттар табысталды. 21 шақырмдық дистанцияда әйелдер арасында Бақытгүл Садықова жеңімпаз атанды.

 

-Қашықтықты бағындыру өткен жылғыдай қиын болған емес, ол кезде қатты ыстықта жүгірдік. Биылғы ауа райы керемет болды. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. «ERG Run Fest» -супер!,-дейді «ERG Run Fest» жеңімпазы Бақытгүл САДЫҚОВА.

 

«ERG Run Fest» спорт мерекесінің тартымды, қызықты, көңілді өтуіне Ақсу қаласы әкімдігінің, ЕЭК, ERG қызметкерлерінің және жергілікті еріктілер жасағының сіңірген еңбегі де зор.

 

-Бұндай спорт думаны жалпы ұжымдық еңбек арқасында мүмкін болып отыр. Ақсудың қара металлургия, Жаяу Мұса колледжі студенттеріне волонтерлық көмек үшін алғыс айтамыз. Еуразиаттық энергетикалық копорациясының қолдауы да елеулі еді. Ақсу қаласы әкімдігі мен барлық қызметтері жоғары дәрежеде жұмыс жасады,-деп жеткізді ERG-дің салауатты өмір салты және спорт жөніндегі жетекшісі Олжас УРАЗБАЕВ.

 

Жарысқа қатысушылар өз нәтижелері мен қызықты фотоларды sport.erg.kz сайтында көре алады. Айту керек, Рудныйдан бастау алған «ERG Run Fest» марафон эстафетасы Ақсуда жоғары дәрежеде өтіп, енді Хромтау қаласында жалғасын табады.