Ақсуда «ERG Run Fest – 2024» марафоны өтті

«Batyr Joly». Осындай ұранды байрақ етіп ұстанған үлкенді-жас желаяқтар мен ақсулықтарға«ERG Run Fest» ұмытылмас эмоцияларды ұсынды. Бір қуантарлығы, жүгірістен бағын сынап көрмек болған мыңнан астам ересек қатысушылардан тыс, 400 аса 5-13 жас аралығындағы балалар болды. Әрине, ERG кәсіпорындарының барша қызметкерлері бұл думаннан тыс қалмады.

 

-Марафонға мыңнан аса қатысушы келгендігі өте керемет жетістік деп ойлаймын. Жыл сайын спорт жарысына қатысамын дейтін азаматтар легі артып жатыр. Біздің өңірімізде спортты дамытуға үлкен үлес қосып жатқан ERG компаниясын алғыс айтқым келеді. Бұл нағыз мереке!,-деді Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дюсимбинов.

 

-Біздің жұмыскерлерге мотивация. Денсаулықтарын көтеріп, салауатты өмір сүруге ұмтылу керек. Өзім жүгіріп жатқаным да сол, үлгі көрсетіп, қатысып жатырмын. Бізге өте маңыздысы, жұмыскерлеріміздің денсаулығы дұрыс болғаны ,- «Энергетика» дивизионының бас операциялық директоры, «ЕЭК» АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиев.

 

Ақсудағы спорт думаны арқасында қала орталығы әуен-сазға, жалынды ұран сөзге, ширату ойын-сауығына толы мереке алаңына айналды. Ересектер концерт көрсе, балалар үшін аниматорлар шақырылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жарысқа түскен өрендер, кейін өзге сауықтыру бағдарламаларымен танысуға асық болды.

 

Жүгіру қашықтығы дәрігерлер денсаулыққа бақылау жүргізсе, жол бойында спортшылар бойындағы күшті арттыру үшін жемістер мен сусындар да қолжетімді болды. Әрбір қатысушы ерекше дизайндағы медальге иеленді. «ERG Run Fest» бағын сынағандардың барлығы батыр болды. Тартысты бәсекеде үздіктерді анықтау оңай болмады. Мысалы, 5 шақырымдық қашықтықта 2 желаяқ та мәреге бірінші келді. Бұл дауға айналмай, жігіттер өздерін нағыз джентльмендер сияқты көрсетіп, өзара құрметпен көзге түсті.

 

-Мәреге жеткенде барымызды салдық, ал жарыс бойы қатар жүгіріп келдік. Бірге жаттығып, өмірде доспыз. Біреуіміз жеңілгенін қаламадық. Сондықтан финиш сызығын бірге кесіп өттік,- деді «ERG Run Fest – 2024» жеңімпазы Серік Айтқазин.

 

«ERG Run Fest» додасында Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Екатерина Шабалина бағын сынап көрді. Атлет аруымыз 5 шақырымдық жарыста үздік атанды.

 

-Мен Ақсуға келіп бұл ауқымды жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Бағымды сынап көріп, бәрімен жүгіру мәртебе. Ұйымдастырушыларға, дистанция кезіндегі жанкүйерлердің қолдауына рахмет. Бәрі тамаша өтті, -деді «ERG Run Fest – 2024» жеңімпазы Екатерина Шабалина.

 

Үздік марафоншылар медаль, мадақтама мен ақшалай сертификат алды. Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлері арасында ферроқорытпа балқытушысы Серік Айтқазин 5 шақырымда чемпион атанса, 10 шақырымда архивариус Марина Бреннер 1 орын алды, ал 21 км қашықтықта Ақсу ферроқорытпа зауыты жөндеу-механикалық цехы слесарі Прокин Виталий үздік нәтиже көрсетті. «ERG» кезекті рет салауатты өмір салтын насихаттауда, спорт жарысын ұйымдастырудағы жоғары деңгейлерін көрсете білді. Бұл компанияның корпоративтік трендіне айналды деп айтуға әбден болады. Осылайша, Ақсудың визиттік картасы -«ERG Run Fest – 2024» есте қаларлық эмоциялар сыйлады.