• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсуда баскетболдан мектеп командалары арасындағы «Alzhan» лигасының облыстық іріктеуі өтті

Ақсуда баскетболдан мектеп командалары арасындағы «Alzhan» лигасының облыстық іріктеуі өтті

 

 

Бірегей доданың іріктеуі ЕRG компаниясы қолдауымен Лисаковск, Рудный, Хромтау, Ақтөбе, Семей және біздің өңірде де өтті. Жас баскетболшылар басты жүлде суперфиналға жолдама алу үшін күресті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

«ERG» компаниясының қолдауымен «Alzhan» баскетбол лигасы бірнеше жыл бойы еліміздің мектеп оқушыларын қуантып келеді. Бұл доданың арқасында

Павлодар облысының жасөспірімдері де спортпен шұғылдануға тартылып, талантты мықтылар анықталып, олардың ары қарай өсуіне жағдай жасалуда. Бұндай жарыс алаңы, Қазақстан басткеболын дамытуға үлкен септігін тигізуде дейді кәсіби ойыншылар.

 

Alzhan» лигасының пайда болғандығы қуантады. Тек дами берсін. Мектеп оқушылары арасында баскетболды дамыту керемет, біздің кезімізде бұндай ауқымды турнир, бұндай мүмкіндіктер жоқ еді. Сондықтан өте дұрыс бастама,-деді «Ertis» БК ойыншысы Вадим Багров.

 

«Alzhan» баскетбол лигасы жас спортшылардың шыңдалып қана қоймай, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге де көмектеседі. Ақсудағы аймақтық іріктеуге облыс мектептерінің кіл мықтылары жиналды. 5-6 сынып ұлдар командалары ішінде Ертіс ауданының №4 мектебі үздік болып танылды. Ал 7-8 сынып арасындағы ұлдар командалары ішінде Павлодарлық Әуезов атындағы мектеп құрамасы топ жарды. Енді бұл балалар өңір намысын суперфиналда қорғайды.

 

- Турнирді ұйымдастырған ERG алғысым шексіз. Біз биыл бірінші рет қатысып жатырмыз. Бірден суперфиналға жолдама алып жатырмыз. ERG үлкен алғыс, өте үлкен турнир өтізіп жатқандарына. Балалардың бәрі керемет, жақсы өнер көрсетіп, нәтиже көрсетті,-деді Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы мектеп командасының жаттықтырушысы Райымбек Қаратаев.

 

Сонымен қатар, 5-6 сынып қыздар құрамаларының үздіктері анықталды. Бұл бәсекеде №26 мектептің бойжеткендері ешкіміге мүмкіндік қалдырмай, аймақтағы ең мықты ұжым болып танылды.

 

- Бірінші кезекте біздің Бас демеуші— компанию «ERG» компаниясына алғыс білдіреміз. Оларсыз бұндай спорт мерекесін ұйымдастыру мүмкін болмас еді. Қазір аймақтық іріктеу кезеңдерін аяқтап жатырмыз. Ендігі кезең суперфинал. Бұл жарыс Хромтау қаласында 9-11 мамыр аралығында өтеді. 5-6 сыныптар және 7-8 сыныптар арасындағы жеңімпаздар ақтық кезеңге жолдама алды. Суперфиналда «Alzhan League» барлық аймақтарының чемпиондары анықталады,-деді «Alzhan» мектеп лигасының менеджері Дмитрий Чмиль.

 

Бас демеуші «ЕRG» атынан кубок, медальдер мен түрлі сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар да марапатталды. Ал чемпиондар «Alzhan» баскетбол лигасы суперфиналына дайындалатын болады.