Ақсуда ЕRG «Tugan Qala» жобасы аясында футбол фестивалі өтті
Сонымен қатар, «Достық» стадионында халықтық жоба аясында «Екі футболист» монументі қалпына келтірілді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Ауқымды спорт шарасын футболды жаны сүйетін 130 баланы біріктірді. Кеншілер қаласындағы «Балалар футбол фестивалін» бас демеушісі ЕRG компаниясының қолдауы арқасында «Tugan Qala» жобасы аясында ұйымдастырған.
- Мұндай жобалар әрі қарай да ERG мен Ақсу қаласы әкімдігі қолдауымен жүзеге асырылады. Команда құрамында болғаныма қуаныштымын, «Tugan Qala» жобасы 2021 жылдан бастап жұмыс істеуде, ол біздің қаланың инфрақұрылымын дамытуға және жастардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған,-деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының персонал және мәдениет бойынша директоры Наталья Габибова.
«Tugan Qala» шаралары аясында Ақсуда футбол фестивалін өткізу туралы бастаманы балалар жаттықтырушысы көтерген. Бұл нөмір бірінші спорт түрін балалар арасында насихаттаудағы тамаша мақсат. Сол себепті ол қалалықтар арасында рекордты 570 дауыс жинаған.
- Ақсу қаласынан ғана емес, ауылдық округтерден де балалар келіп отыр. Негізінен аула клубтарын тарттық. Келесі жылы команда болады деген үміттенеміз,-деді«Tugan Qala» жобасының авторы Манарбек Қасенов.
«Балалар фестивалі Ақсу – 2025» жарысы кезінде тағы бір жарқын оқиға орын алды. «Tugan Qala» жалпыхалықтық жобасы аясында әкімдік пен ERG компаниясының қолдауы арқасында стадионға кіре берісте «Екі футболист» монументін қалпына келтірді. Бұл мүсін қалалықтар үшін ерекше символ. Ал алаңда кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен жұмыс қызып жатты. «Металлург» зауыт спорт клубының жас аяқдопшылары мен олардың құрдастары футбол ойынының қыр-сырын көрсетті.
Шеберлік сабағы, жолдастық кездесулер мен конкурстар. Барлығы ауқымды фестиваль аясында. Балалар доп теуіп, соққылармен және қашықтыққа тебуден жарысты. Үздіктері сыйлыққа ие болды. «Tugan Qala» жобаларының бас демеушісінің қолдауымен өткен балалар мерекесі қатысушыларға тамаша көңіл күй мен сыйлықтар сыйлады. Жеңімпаздар мен номинанттарға басты марапаттар, ал әр командаға футбол атрибуттарын сыйлады.
