• Басты бет
  • Спорт
  • Ақсуда ЕRG қолдауымен ауқымды жастар спорт фестивалі өтті

Ақсуда ЕRG қолдауымен ауқымды жастар спорт фестивалі өтті

 

 

Ақсу қара металлургия колледжінің ең белсенді студенттері мен оқушылары ауқымды шараға қатысты. Металлургтер қаласында «Tugan Qala» жобасының басты демеушісі ЕRG компаниясының қолдауымен жастар спорт фестивалі өтті деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Ақсу қаласының тұрғындары рекордтарды бағындыруда. Металлургтер қаласындағы жастар спорт фестивалі республикалық акция аясында өтіп жатқан бесінші жоба. «Tugan Qala»-ға қолдау білдіріп отырған ERG компаниясы.

 

-ERG компаниясы үнемі осындай шараларды қолдайды. Бұл жай ғана спорттық шара емес, біздің философиямыздың бір бөлігі. Мұнда бүгін 9 сынып оқушылары мен бірінші курс студенттері бірікті. Бұл жай ғана спорт емес, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастық, - дейді «ЕЭК» АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша директоры Иван Бахтин.

 

Ақсу ферроқорытпа зауытының қара металлургия колледжімен арадағы көп жылдық ынтымақтастық кадр әлеуетін нығайтып, жас мамандарға кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Кәсіпорында түлектердің 70 % еңбек етуде.

 

- Бізге мықты, күшті, жан-жақты дамыған кадрлар керек. Сондықтан талантты барлық қырынан ашатын шаралар қажет. Барлығыңа табыс тілеп, денсаулық үшін спортпен үнемі айналысу керек деп айтар едім, - деп мәлімдеді «Қазхром» ТҰК АҚ АқсФЗ әлеуметтік жобалар және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша басшысы Галина Лазарева.

 

Жастар спорт фестивалі қалалық мектептердің, лицейдің және Ақсу қара металлургия колледжінің құрамасы командаларын біріктірді. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау. Жастар фестивалін өткізу бастамасын Ақсу қара металлургия колледжі көтерген. Жоба 231 дауыс жинаған. Ауқымды спорт мерекесін колледж негізінде ұйымдастырды. Ойын тәртіптемелері мен зияткерлік шайқастарда 7 команда бақ сынады.

 

-Тоғыз құмалақ маған қатты ұнайды. Менің отбасымда оны барлығы ойнайды. Қарсыластан ешкімді танымаймын, - дейді тоғызқұмалақ ойыншысы Альбина Төлеулина.

 

Әрбір спорт алаңында қызу бәсекелестік орын алды. Жастар фестиваліне қатысушылар шағын футбол мен волейболдан да үздік команданы анықтады. Зияткерлік сайыста тоғызқұмалақ ұлттық ойынындағы үздік шеберлерді атады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль, кубок және дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

 

Бибінұр Хамитқызы