• Басты бет
  • Спорт
  • Академиялық есу спортшылары бұл маусымда жаттығуларын тоқтатқан жоқ

Академиялық есу спортшылары бұл маусымда жаттығуларын тоқтатқан жоқ

Өзге тәртіптемелердің спортшыларынан гөрі ескекшілер өз қалпында. Суда күнделікті жаттығады. Жағдай жақсы болса, күн суытқанға дейін дайындала алады.

 

- Бізге +5,+6 деген температура жеткілікті. Жел болмаса болды. Мысалы, Ыстықкөлге барғанда қар жатса да жаттыға береміз. Барлық жағдайға дайын болуымыз керек, - деді Павлодар құрамасының аға жаттықтырушысы.

 

Залға ауысумен қиындық тууы мүмкін. Спорт кешенінде жаттығуға қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Биылғы маусымда барлық додалар өтпеді.

 

- Осы маусымда үлкен қайықтарда жұмыс жасай алмадық. Командалық еңбек өте маңызды. Қайықтағы төрт адам бір механизмдей болуы керек. Биыл жылдамдыққа жұмыс жасалған жоқ, - дейді Ольга Афанасьева.

 

Карантин кезінде академиялық есу бөлімшесінде барлық топтарда толық құрамдарды сақтап қала алды. Сонымен қатар, бапкерлер жаттығуларға жаңа өрендерді тартуда.