• Басты бет
  • Спорт
  • Алихан Лесов: «Ақсу» футбол клубын шетелдік бапкер басқару керек

Алихан Лесов: «Ақсу» футбол клубын шетелдік бапкер басқару керек

«Ақсу» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын өткізу мерзімін шегерді. Клуб директоры Алихан Лесов алдағы маусымда құраманы испандық Альберто Риераның орнына Огай, Никитенко жаттықтыруы мүмкін екенін айтты. Директор Ақсу клубын шетел бапкері басқару керек деген ойда.

- Ақсудан біз өзіміздің өнім жасағымыз келеді. Сол себепті шетелдік бапкерді іздестірудеміз. Ол жастармен жұмыс жасай алуы қажет. Өзіміздің трансферлік комитетті құруды көздейміз, - дейді «Ақсу» футбол клубының директоры Алихан Лесов.

Бас жаттықтырушыны жиын алдында таныстырмақшы болған. Алайда, сырттағы оқу-жаттығуды ұйымдастыру мерзімі өзгертілді. Алдағы маусымда «Ақсу» ұжымының намысын жергілікті ойыншылар қорғайды.

- Бірінші лигада сәтті өнер көрсеткен «Ақсудың» ойыншыларын қалдыратын боламыз. Финалдық тізімді бас жаттықтырушы бекітеді. Кейбір ойыншылармен келісімшарттарды ұзартып үлгерттік, - дейді «Ақсу» футбол клубының директоры Алихан Лесов.

Оқу-жаттығу кезінде бірнеше ойыншымен келісімшарт мерзімі ұзартылды және жаңа аяқдопшылар да келді. «Екібастұздан» Асланбек Какимов және Жаслан Қайыркенов оралды. Алғашқы легионер ретінде Фэйт Обилормен келісімге келді. Директордың айтуынша, командада шетелден 5 ойыншы ғана өнер көрсетеді.