• Басты бет
  • Спорт
  • Ат үстіндегі аламан: Павлодарда көкпардан облыс чемпионаты өтті

Ат үстіндегі аламан: Павлодарда көкпардан облыс чемпионаты өтті

Павлодар өңірінде жас ұрпақты жауынгерлік және әскери машыққа баулитын ұлттық ойын — көкпар тарту кеңінен дамып жаты. Облыс чемпионаты биыл ерекше тартысты өтті. Жеңімпаз атану үшін биыл 8 команда күш сынасты.

 

-Май елінің пауландарын атап өткім келеді.Жігіттер жақсы дайындықпен келген. Баянауыл да, Екібастұз да. Ешкімді бөлуге келмейді, барлығы мықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Биылғы жыл ерекше, команда аттарының күйі де, дайындығы да биыл ерекше екені көрініп тұр, -дейді Қайырбаев ат. спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша спорт клубы басшысы Дархан Жоламанов.

 

Ұлттық спортқа жанашыр азаматтар көкпар тарту үшін құрамаларына асылтұқымды аттар алып, одан биылғы дода қыза түсті.

 

- Барлық командалар тыңғылықты дайындықпен келген, ешқандай осал команда жоқ. Топтық ойында біз Баянауылдың Қызылтау командасын жеңдік, сосын Баянауылды 5:0 есебімен жеңіске жеттік. Ат баптау өнері өте ерекше, асыл қазынамыздың бірі. Ат өнері Кереку, Мау ауданы болсын, даму үстінде. Болашақта жақсы нәтижелер көрсетеміз деп ойлаймын,-дейді Май ауданы командасының өкілі Аспандияр Қайролла.

 

Шешуші кездесуде, бас жүлде үшін таласта екібастұздық шабандоздар жеңіске жетті. Қола мен күміс медальдерді Май ауданының палуандары місе тұтты.