• Басты бет
  • Спорт
  • Ата-аналардың бастамасымен Павлодарда футболдан ауқымды республикалық турнир басталды

Ата-аналардың бастамасымен Павлодарда футболдан ауқымды республикалық турнир басталды

 

 

 

 

Желтоқсан айындағы үлкен мерекелер қарсаңында аталмыш турнир нағыз тосын сыйға айналды. Футбол маусымы біткен соң, олардың балалар ауқымды жарыстарсыз қалып, «Ақсу» орталығы бапкерлері мен тәрбиеленуші ата-аналарының бастамасымен аталмыш дода ұйымдастырылды.

 

- Халықаралық турнир болу керек еді. Ресейден 3 команда келеді деп күткен едік. Олар ақырғы сәтте келе алмаймыз деген. Қазақстаннан ең мықтыларды жинап, республикалық турнир жасадық. 15 құрама іріктелгенде, 16-шы болып 2002 жылғы футбол орталығының қыздар командасын қостық, -дейді «Ақсу» ФО жаттықтырушысы Берікбол Жақып.

 

Жарысқа түсетін 16 команда 4 топқа бөлінген. Олардың қатарында Павлодарлық футбол орталығы мен спорт мектебінің балалары мен қатар Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей және Тараз қалаларының орталық балалары мен жеке меншік клубтары шақырылды. Бұл ретте, павлодарлық ұйымдастырушылар әдейілеп тұрып, ең мықты деген ұжымдарға шақырту жолдаған. Айтуларынша, жақсы тәжірибе тек мықты бәсекеде жинақталады.

 

-Павлодарға шақырту алғанымызға қуаныштымыз. 2010 жылғы балаларды әкелдік. Бастысы балалардың тәжірибе жинағаны маңызды. Сол үшін командамызды алып келгенбіз. Павлодардың «Ақсу» клубы өкілдеріне рахмет. Турнирге келіп отырмыз,-дейді Тараз қаласындағы балалар клубы директоры Қайрат Сәрсеков.

 

- Өте қуаныштымыз. Павлодардағы турнирге келіп қатысып жатқанымыз, бірінші рет емес. Жазда Павлодарға келгенбіз. 2013-2014 балалармен. Болашақта та Павлодарға келуге ниеттіміз,-деп жеткізді балалар командасы жаттықтырушысы (Астана қаласы) Еркебұлан Жомарт.

 

Дода 9 жасқа дейінгі балалары арасында өтуде. Ауқымды турнир бірнеше күнге ұласады. Жеңімпаздар 11 желтоқсан күні анықталады. Жүлдегерлерден тыс, белсенді қатысушылар да арнайы сыйлықтармен марапатталады.